Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 3255 0 пікір 23 Қазан, 2023 сағат 15:38

Пара Азия ойындарынан Қазақстан қоржынына екі алтын түсті

Ханчжоудағы Пара Азия ойындарынан Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Пара дзюдодан  48 келі салмақтың J2  санатында бақ сынаған Ақмарал Науатбек топ жарды. Көзі нашар көретін Ақмарал пара дзюдодан Азия ойындарында чемпион атанған алғашқы қазақ спортшысы атанды.

Отандасымыз Ханчжоу татамиін де алдымен жапон қызын, сосын Үндістан спортшысы иппонмен жеңді. Финалда қытай қызынан басым түсті.

Ал Әнуар Сариев 60 келіде қола медаль алды.

Сондай-ақ пара пауэрлифтер Давид Дегтярев те алтын жүлде сыйлады.

Ол 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 187 келіні көтерді.

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Jinglang 185 келіні енсерсе, үштіктен а вьетнамдық спортшы Ан Нгуен көрінді (184 келі).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302