Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2079 0 пікір 24 Қазан, 2023 сағат 15:34

Азия пара ойындары: Ерғали Шамей чемпион атанды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Ерғали Шамей жеңімпаз атанды.

Әлем чемпионы Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта финалда тағы бір қазақстандық Аслан Нұрдәулетовпен чемпиондық атаққа таласты.

Е.Шамей А.Нұрдәулетовтен 10:0 есебімен айласын асырды. Асланға күміс жүлде бұйырды.

Осылайша, пара дзюдодан Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2660
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1709