Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1500 0 пікір 26 Қазан, 2023 сағат 18:16

Су тасқынының алдын алу мақсатында биыл 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті

Су тасқынының алдын алу мақсатында биыл жөндеуді қажет ететін 41 гидротехникалық құрылыс реконструкция өтті. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысындағы Чар және Түркістан облысындағы Шардара су қоймаларында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстың арқасында биыл су тасу қауіпі бар кезеңінде оқыс жағдайлар болған жоқ.

«Су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы жіті бақылауда болуы тиіс. Ол үшін жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс атқарып, бірлескен іс-шараларды іске асыру қажет. Су тасқынының алдын алу үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын жүргізу маңызды»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Abai.kz

0 пікір