БАҚ: Нығматулинге Қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалмаған
Қазақстан бас прокуратурасының өндірісінде Нұрлан Нығматулинге қарсы Қаңтар оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық іс жоқ. Бұл жөнінде zakon.kz сайты хабарлайды.
Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Elmedia порталының YouTube-арнасына берген сұхбатында Нұрлан Нығматулинді 2022 жылдың басында болған Қаңтар оқиғасына қатысы болуы мүмкін деп болжаған.
Шабдарбаев айтқан болжам бойынша Нығматулин мен ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа барып, "орныңды босат" деген-мыс.
Шабдарбаевтың айтуынша, Кәрім "екі шоқып, бір қарайтын" өте сақ адам болғандықтан оның мұны бірінші айтуы неғайбыл.
Abai.kz