«Азаматтарға арналған үкіметке» жаңа басшы тағайындалды
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкіметтің» жаңа төрағасын таныстырды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып Арман Кенжеғалиев тағайындалды.
Арман Шоқанұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін және Шеффилд университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі-экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.
Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.
2002-2003 жылдары «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт"АФ құқықтық жұмыс бойынша бас маманы болып жұмыс істеді.
2003 — 2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2012 — 2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, кеңесшісі қызметінде істеген.
2017 — 2018 жылдары — ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
2018 — 2020 жылдары — директордың орынбасары; ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры.
2020 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы 26 мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы.
Abai.kz