Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану
Лидерлік – белгілі бір ұжымдық жұмыстарды талап ететін ортадағы адамның басқа да адамдарға ықпал ете алуы. Лидерлік қабілетті бойына сіңірген адамның басқару барысында өзіне қойылатын жеке талаптарын ескеру арқылы сайланады. Ұжымдық ортада лидерлік көшбасшылықты қажет етудің басты себебі деп қызметкерлердің тарапынан туындаған мәселелерге жауап беруі, жоспардың құрылуы мен сол жоспардың нәтижесін бақылау барысы, сондай-ақ жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында туындаған.
Көшбасшылықтың түрлерін жіктеп, тұжырымдама жасаған ғалымдар лидерлік қасиетті он түрге бөліп қарастырады. Бірақ та, біздің түсінігімізде адамдарға өзінің істері мен жұмыс жасау қабілеттілігі арқылы әсер ете алатын адамдар көшбасшылық үшін қойылатын алғашқы талап ретінде қабылдаймыз. Көшбасшылық жұмыстар тек қана мекеме немесе жұмыс орындарында ғана жүзеге асылу керек іс емес. Ұжымдық орындар яғни мектеп, жоғарғы оқу орны немесе белгілі бір адамдар жиынтығынан тұратын орындардың барлығы дерлік көшбасшылық қасиеттерді алға тартып, көмегіне жүгінеді. Мысалға алып қарастырсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жүргізілетін “Басқару психологиясы” пәні тікелей ұжымдық ортадағы қызметтердің жіктелуі, ұжымдық, топтық жұмыстардың жасалу барысындағы атқарылатын қызметтер мен басқарудағы қойылатын талаптар мен коммуникациялық тұрғыда тұлғалардың өзара бір-бірімен әрекет етуі жайлы түсінік беріледі.Яғни, байқайтынымыз басқару түсінігі толығымен дерлік көшбасшылықпен байланысты. Ал көшбасшылық қасиеттер тұлға болып қалыптасқаннан кейінгі оқу орнындағы не жұмыс орнындағы аса маңызды қасиеттер қатарына жатқыза алады екенбіз.
Ғалым З.Фрейд көшбасшылық екі топқа бөліп қарастыратын психологиялық процесс деп көрсетеді. Топтық және жеке тұлғалық көшбасшылық процесстердің негізінде лидерлердің ұжымға әсер ете алуы ғана емес, жалпы жұмыс орнындағы адамдардың қарым-қатынасы, оларға эмоционалдық тұрғыда әсер ете алуы, қол астында қызмет ететін адамдардың сеніміне кіріп олармен жұмыс барысында жақсы нәтижеге қол жеткізудегі бірге өтілетін жолдарын жатқызамыз.
Жоғарғы оқу орындарында арнайы оқытылатын басқару психологиясы адам бойына тұлғалық қасиеттерді дамытудағы іс-әрекеттерге дағдылануға үйретеді. Теориялық тұжырымдар мен өмірлік ситуацияларды салыстыра отыра адам бойына көшбасшылық қасиеттерді сіңіру пәннің негізі мақсаты.
Жубаназарова Н.С.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Токсанбаева Н.К.,
Психология ғылымдарының докторы, профессор
Тайбекова Қаракөз,
Филология факультетінің 1-курс магистранты.
Abai.kz