Жер сілкінісі. Министрдің есебінде не айтылды?
Бүгін ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісі туралы баяндады.
Министр азаматтардың арасында үрей болдырмау үшін жер сілкінісі туралы және одан әрі халықтың әрекеттері бойынша хабардар етуді бастады.
Министр баяндамасынан:
* Сөйлеу дабылы, сирена және жергілікті объектілер жүйелері тартылып, теле, радио каналдары арқылы жеткізу жүзеге асырылды.
* Жедел штабтар ашылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды, тәулік бойы «Жедел желі» жұмыс істеуде.
* Ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түскен жоқ, әкімдік оларды тексеруді жалғастыруда.
* Сел қаупі бар аймақтарға ТЖМ тікұшақ техникасы арқылы әуеден көзбен шолу жасалды.
* Іс-әрекет алгоритмі бойынша полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тартылған.
* Қазіргі уақытта барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда өңірлердегі жағдай тұрақты.
* 20 ақпаннан бастап Алматы қ. орталық аппарат басшыларының құрамынан ТЖМ жедел тобы азаматтарды төтенше жағдайларға дайындау бойынша жұмыс істеуде.
* Азаматтарға жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша ауқымды ақпарат және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның тиімділігін көрсетті.
* Жалпы алғанда топ 8 мыңға жуық үй-үйді аралап, білім беру нысандарында 650-ден астам сабақ өткізді, адам көп жиналатын жерлерде әңгімелесулер жүргізіп, парақшалар таратты.
* ТЖМ халық арасында алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.
Abai.kz