Сенбі, 23 Қараша 2024
916 0 пікір 5 Наурыз, 2024 сағат 15:24

Алматы төтенше жағдайлардан хабардар ететін жүйе енгізеді

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Алматы қаласының әкімдігі мамырдың аяғына дейін төтенше жағдайлар жөнінде шұғыл ақпарат тарататын мобильді жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев сейсенбі күні жер сілкінісі тақырыбын талқылауға арналған үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жобаға 475 миллион теңге бөлінген. Cell Broadcast технологиясы негізінде жасалатын жүйе "Mass Alert" қағидасымен жұмыс істейді. Бұл туралы «Власть» басылымы хабарлады.

Дәстүрлі SMS жолдау жүйесіне қарағанда, Cell Вroadcast технологиясы желіге қосымша салмақ түсірмейді, абоненттердің бәрі бір сәтте төтенше жағдай туралы мәліметтен хабардар болады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда бес баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан 31 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371