Құны 3,5 миллиард теңге болатын киік мүйізі тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады.
Ұсталған азаматтардан тінту барысында 1382 дана киік мүйізі алынды. Аталмыш мүйіздердің мемлекетке келтірілген залалы 3,5 млрд. теңгеден артық бағалануда.
"Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.
Abai.kz