Қазақстандағы қымбаттаған өнімдер аталды
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, деп хабарлайды Abai.kz.
Сондай-ақ ол Қазақстанда инфляцияны одан әрі төмендетудің маңызын айтты.
"2 айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Бұл ретте оны 8 пайыз дәлізінде ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған", - делінген хабарламада.
Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты.
"Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Басшылықтың пайымдауынша, форвардтық келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.
Abai.kz