Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1439 1 пікір 12 Наурыз, 2024 сағат 17:56

Бектенов: Тағы екі зауыт қайдан шықты?

Сурет Google іздеу жүйесінен алынды

Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметіне күмәнмен қарады деп хабарлайды Abai.kz.

Министр бүгін үкімет отырысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі туралы ақпарат берді

«Менің сұрағым бар. Маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, 35 жаңа зауыт салынады деп еді, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады деп айттыңыз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды?» - деп сұрады Премьер-министр Нысанбаевтан.

«Тағы екеуі Астана қаласынан қосылды. Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосты. Өткен аптада презентацияға алдын ала беріп қойғанмыз», - дейді Экология министрі.

Олжас Бектенов бұл мәселені бақылауда ұстауға уәде беріп, министрден нақты деректер беруді талап етті.

Abai.kz

1 пікір