Сенбі, 23 Қараша 2024
753 1 пікір 13 Наурыз, 2024 сағат 10:40

Шәкіртақы өседі

Сурет: news.arsu.kz

Магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Шәкіртақы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өссе, одан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаяды.

  • 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады:
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және щ"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
  • интерндер – 85 376 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
  • "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
  • "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.
  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады:
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 52 372 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 84 000 теңге;
  • интерндер – 94 863 теңге;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 117 098 теңге;
  • "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 218 750 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 262 500 теңге;
  • "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 134 664 теңге;
  • Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 44 516 теңге.

Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енуге жоспарлануда.

Abai.kz

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434