Жұма, 20 Қыркүйек 2024
870 1 пікір 13 Наурыз, 2024 сағат 18:02

Елімізде жан басына шаққандағы шығыстар 277 мың теңгеден асты

Сурет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сайтынан алынды

Алматы - өмір сүруі бойынша ең қымбат қала. Бұл мәліметтерді растайтын бірнеше дәлел бар. Мәселен, 2023 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы шығыстар 277 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Abai.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"2023 жылдың төртінші тоқсанында халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай шығыстары 277 202 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 12,3%-ға жоғары. Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 305 884 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 21,2%-ға жоғары", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың төртінші тоқсанында жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған орташа табыс 282 072 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 11,9%-ға жоғары.

Abai.kz

1 пікір