Мәулен Әшімбаев: "Отағасы туралы" заң қажет емес!
Қазақстандағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Abai.kz.
Басшылықтың сөзінше, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ.
«Меніңше, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті біз Сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Сондықтан керек болса, тиісті шешім қабылданатын болады», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін депутаттар "Отағасы туралы" заң қабылдауды ұсынған еді.
Abai.kz