Әзербайжан-Армения келіссөздері 10 мамырда өтеді
Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматы қаласында 10 мамыр күні кездеседі. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz
«Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді», - делінген хабарламада.
Айта кетері, Қазақстан тарапының ұсынысымен Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастырады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар екенін мәлімдеген еді.
Abai.kz