Сенбі, 23 Қараша 2024
1409 1 пікір 10 Мамыр, 2024 сағат 16:29

Ресей Армениядан әскердің бір бөлігін әкетеді

Сурет: РБК сайты

Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 8 мамырдағы кездесуі кезінде екі жақ Арменияның бірнеше облысынан ресейлік шекарашылар мен әскерді әкетуге келісті. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. 

Армян депутаты Айк Конджорян таратқан мәліметті 9 мамырда Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.

Бұған дейін Армения парламентіндегі басқарушы фракцияның жетекшісі Айк Конджорян Пашинян мен Путин 2020 жылдан бері Арменияның бес облысында орналасқан ресейлік шекара және әскери бекеттердің қызметін тоқтату туралы келісімге келгенін айтқан. Мәселе Тавуш, Арарат, Сюник, Вайоцдзор, Гегаркун облыстары жөнінде болып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371