Сенбі, 23 Қараша 2024
1263 0 пікір 10 Мамыр, 2024 сағат 16:41

«Көк мұхит стратегиясы»: қоғамдық лекциясы өтті

Өткен жұмада SANA FOUNDATION ұйымдастыруымен Қоғамдық Лекция өтті. Рухани-кәсіби дамығысы келетіндерге арналған «Көк мұхит стратегиясы» тақырыбындағы лекцияда өз саласында көк мұхит стратегиясының үлгісін жасай алған кәсіпкерлер дәріс өтті. Жалпы саны 220 адамды қамтыған шара көрермендер көңілінен шықты.

SANA FOUNDATION Қоғамдық Қоры бірнеше бағытта жұмыс жасайды. Кездесуде «Көк мұхит стратегиясы» кітабының тұсауы кесілді. Бұл кітап Harvard Business Review баспаүйінің әлемде 4 миллион данамен тараған бестселлері. Осыған дейін 47 тілде жарық көрген.

Сурет: SANA FOUNDATION

Спикерлер кәсіп бастағысы келетіндер үшін өз салалары туралы сөз қозғады.

«Easy Tap» IT компаниясының негізін қалаушысы, «Forbes 30 under 30»  қатысушысы –  Мағзұм Төлеш «Стартапқа өз көгілдір мұхитын қалай табуға болады?» тақырыбы аясында сөйледі. Оның айтуынша, стартап – үлкен тәуекел.

Сурет: SANA FOUNDATION

Мағзұм Төлеш бизнесін Өзбекстан мен Қырғызстан нарығына шығарған. Енді оның кәсібі Әзербайжанның нарығына да шығуы мүмкін. Ол кітаптың өміріне әсері туралы:

«Мен Көк мұхит стартегиясы» кітабын  2018 жылы оқыдым. Кітапты оқығаннан кейін сол жылдың сәуір айынан бастап ойларым өзгере бастады. Оны желідегі жазбаларымнан байқасаңыздар да болады»,-деп айтты.

Сурет: SANA FOUNDATION

Ол EasyTap IT компаниясына $500 мың доллардан астам инвестиция тартқан, қазір компанияның 1.5 жыл ішінде құны $10 млн доллардан асқан.

Оқырмандарға қазақша «Сала таңдау» ютуб арнасы арқылы танылған кәсіпкер Ұлан Құрманғалиев те сөз сөйледі. Ол кәсіпкерлердің негізгі жіберіп алатын қателіктері туралы айтып, кәсіпті қалай тез бастау керектігін және қандай табысты салалары барын баяндады.

«Кез келген кәсіпті бірден үлкен қаржымен бастауға болмайды. Кәсібіңізге қажет жер мен құрылғыларды бастапқыда жалға алыңыз. Сол кезде  шынында сол салада жұмыс істей аласыз ба, тек қызығушылықпен нарыққа кіргіңіз келді ме бәрі түсінікті болады. Егер, ол кәсіпті игере алмайтыныңызды түсінсеңіз, тек жалға алу ақысы ғана шығын болады»,-деп кеңес берді.

Ұлан кәсіп бастау тақырыбында контент жасағандықтан жиі тәуекелге толы шешім қабылдайды. Жиырма миллион тіпті одан да көп қаржы жоғалтқан шешімдері туралы айтып, жас кәсіпкерлерге ой салды.

⁠Urbo Coffee кофехана желісінің негізін қалаушысы Дәурен Мұратханұлы Алматы нарығын қалай жаулағаны туралы айтып берді. Қазір оның кофеханалары Алматыда ең көп филиалға ие, ал еліміз бойынша 40 шақтысы бар. Ол бизнесте масштабқа шығудың жолдарын айтып берді.

«Мен кәсіп бастағанға дейін мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істедім. Кәсіп бастауға идея мен қалау бар, қаржы жоқ болып жүрдім. Бастапқыда франчиза алып, тек филиал ретінде кәсібімді бастадым. Қазір 7 жыл бұрын ашқан Smart Point-тағы алғашқы бизнесім әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Алматыда 30 ға жуық кофехана аша алдым»,-деп айтты.

Avataria балалар парктер желісінің негізін қалаушы, vkorzinka.kz азық түлік дүкендер желісі иесі, YPO мүшесі Алмаз Тультаев 28 жылдан аса тәжірибесі бар кәсіпкер. Өз мысалында «Көк мұхит стратегиясынан» шабыт алған кәсіпкер аталмыш кітаптың қазақ тіліне аударылуына демеушілік еткен. Кітап қазір Kitapal дүкендер желісінің сөрелеріне қойылып, сатылымға шыққан.

Сондай-ақ, кештің соңын - MBA лекторы, ⁠Англия болашақ стипендияты,  бизнес консультант әрі PHD кандидат Жасұлан Кушебаев аяқтады. Ол компанияларға шолу жасап, кәсіпкерлерге Көк мұхитқа шығуға керек теориялық формулалармен бөлісті.

Сурет: SANA FOUNDATION

Григорий Петровтың «Финляндия – ақ лала гүлдер мекені» кітабында Снелман есімді кейіпкердің лекциялары елді қалай өзгерткені сөз болады. Снелман секілді тұлғалардың лекциясынан соң, Финляндия батпақтың үстінде тұрған елден әлемдегі ең бақытты адамдар өмір сүретін елге айналған. Спикерлер Снелман секілді өз тәжірибелерімен бөлісіп, шараға келген азаматтардың  сауалдарына жауап берді.

Қоғамдық лекцияның мақсаты – қоғамды қалыптастырушы платформа болу арқылы еліміздегі өмір сапасын арттыруға, экономиканы жақсартуға үлес қосу. Он жыл бұрын басталып, араға біраз жылдар салып қайта жалғасын тауып  жатқан қоғамдық лекция кәсіпкерлік пен ағартушылықты трендке айналдыруды көздейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371