Сенбі, 23 Қараша 2024
969 4 пікір 13 Мамыр, 2024 сағат 20:26

Қазақстан: Мектеп оқулықтары 100% цифрландырылды

Сурет: edunews.kz

Бүгінде мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100% орындалды, деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық сайты.

Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленіп жатыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеді.

Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жыл соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1 072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.

- Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады, - деді Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399