Жұма, 20 Қыркүйек 2024
949 0 пікір 16 Мамыр, 2024 сағат 13:57

Биыл қанша гектар егіс алқабы игерілмек?

коллаж: Қуаныш Сапарбай

Осы жылы жалпы 23,8 млн гектар егіс алқабы игеріледі.

Оңтүстік өңірлерде егіс жұмыстары қарқынды жүріп, 1,5 млн га алқапқа егін егілді. Ал, жаппай көктемгі дала жұмыстары осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды Abai.kz El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру  тапсырмасына сәйкес бидай егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектарды құрады (2023 жылы - 13,7 млн га).

Сонымен қатар, майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 66 мың гектарға ұлғайту жоспарланса,суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, мақта алаңдарын 16 мың гектарға, күрішті 12 мың гектарға азайту болжануда.

Abai.kz

 

0 пікір