Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2423 0 пікір 16 Мамыр, 2024 сағат 14:28

 Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Сурет: ken-zhyloi.kz

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылатындығын хабарлады.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп, электр қуатына барлығы 2870 үй қосылып, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

"Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады", – деді Жұмабек Қаражанов. 

Сондай-ақ, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2531
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663