Алдағы үш жылда 2222 интернет казино мен букмекерлік сайт бұғатталмақ
Соңғы жылдары елімізде лудомания кеңінен етек алып кетті. Бұл мәселені ескерген Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, оны Ашық НҚА порталында жария талқыға ұсынды.
Бұл жоспар жүзеге асуы арқылы Қазақстандағы құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар саны 350 мыңнан 201 600 адамға дейін азайтылмақ. Оның ішінде биылдың өзінде 35 мың адам "лудомандар" тізімінен шығуы тиіс.
Бұл үшін Қазақстанда интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттар жаппай бұғатталатын болады. Қазіргі таңда бұғатталған сайттар саны 4500 болса, олар үш жылда 2222-ге артып, 7722 болуы тиіс:
- 2024 жыл – 450;
- 2025 жыл – 990;
- 2026 жыл – 1782.
Жоспарды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 80 931 200 теңге қаржы бөлінбек.
Abai.kz