2025 жылы ҰБТ-ның жаңа форматы іске қосылады
2025 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестке жаңа формат енгізілмек. Бірақ бұл ҰБТ форматы бірден өзгеріп кетеді деген сөз емес.
"Біз SIT халықаралық стандартына көшетін боламыз. Яғни әр талапкер тестілеу орнын, уақытын өзі таңдайды, өзі дайындалып тапсырады", - деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Министр Франция компаниясының көмегімен жаңа форматта тест дайындалғанын және 350 қазақстандық маман даярланғанын айтты.
"2022 жылы екі бағытта жұмыс істедік. Соның біріншісі – SIT секілді жаңа форматтағы тестілерді дайындау. Барлық сұрақтың мазмұнын қайта қарадық. Өткен аптада бұл жұмыстарды аяқтадық. Тестіні әлемге танымал Франция компаниясы жасады. Сондай-ақ осы жаңа модель бойынша 350 тестолог әзірледік. Ал екінші бағыт – фин компаниялар тобымен мазмұнды тәсіл бойынша жұмыс", - деді Саясат Нұрбек.
Abai.kz