Жексенбі, 4 Қазан 2026
2903 0 пікір 31 Мамыр, 2024 сағат 13:07

Қазақстаннан Еуропаға ұшуға қойылған шектеулер алынды

Сурет: klike.net

Көлік министрлігі Қазақстандық әуе тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталғанын хабарлады.

Шешім 15 мамырда Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің  отырысында қабылданды.

"Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен Комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрына нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады. ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды", – деп жазылған хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 653
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 921