Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
1431 2 пікір 31 Мамыр, 2024 сағат 15:56

Ғалымдарды қолдауға бюджеттен 18 млрд теңге бөлінеді

Сурет: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда ғалымдарды қолдауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

"Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді", – деді ол. 

284 жас ғалым былтырлары баспаналы болса, 2024 жылы да ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

"Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады", – деді мемлекет басшысы. 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963