Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер қатары толықтырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелердің жаңа тізбесін бекітті. ЕндіКәсіби мерекелер тізіміне барлығы 63 мереке кіреді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбі;
- Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Жаңа мерекелермен қоса, тізімде әртүрлі сала қызметкерлеріне арнағлан 55 мереке бар.
Abai.kz