Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1198 0 пікір 20 Маусым, 2024 сағат 12:17

Енді Қазақстанда вейп сатқандар жауапқа тартылады

Сурет: Антон Ваганов, Коммерсантъ

Қазақстанда вейпке қарсы заң бүгін күшіне енді. Енді вейпті сатуға және таратуға заң бойынша  тыйым салынады, деп хабарлайды Abai.kz.

19 сәуірде Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Бұл құжат бүгін күшіне енді.

Яғни вейптердің айналымы үшін бүгіннен бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген:

  • вейптерді сату және тарату – 200 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және өндіру – 2000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • егер бұл әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, 5000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 775
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2928
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1990