Қасым-Жомарт Тоқаев екі елшіні тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан мен Албаниядағы елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Искандер Айсариев Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Президент Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевті Қазақстанның Албаниядағы елші қызметін қоса атқарушы қызметінен босатты.
Abai.kz