Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Не дейді?! 1000 0 пікір 14 Тамыз, 2024 сағат 19:17

ҰҚШҰ Курскідегі жағдай туралы: Ресей әскери көмек сұраған жоқ

Фото:Viacheslav Ratynskyi/Reuters

Ресей Курскідегі жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан әскери көмек сұрамады. 14 тамыз күні ҰҚШҰ-ның Азаттыққа жіберген жазбаша жауабында осылай жазылған.

"ҰҚШҰ қабылдаған процедураға сәйкес, ұйымға мүше ел әскери көмекті қажетсінсе, ұйымға ресми түрде қайырылуы керек. Курскідегі жағдайға байланысты Ресей тарабынан мұндай өтініш қазірге дейін түскен жоқ"
деп жазылған ресми жауапта.

Ұйымның түсіндіруінше, әскери одақта ұжым әскерін қолдану мәселесі "консенсуспен" шешіледі – яғни, мұндай шешімге ұйымға мүше елдердің барлығы келісуі керек. Өйтпеген жағдайда шешім қабылданбайды.

 

Abai.kz

0 пікір