Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 890 0 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 21:00

Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

Фото: Ақорда

Жиында Ұлттық құраманың, спорт кешендердің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.

Кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371