Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 820 0 пікір 9 Қыркүйек, 2024 сағат 14:10

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту туралы баяндама жасаған.

Қауіпсіздік Кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдерді, сондай-ақ армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыруға қатысты шешім шығарған.

Ақорда жазғандай, жиын соңында президент-Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396