Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Қылмыс 1869 0 пікір 9 Қыркүйек, 2024 сағат 15:16

Алматыда "жалдамалы" алаяқтар құрықталды

Фото:pexels
Алматыда "Киберпол" қызметкерлері жалдамалы алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, екі жас жігіт алаяқтардың қылмыстық жолмен тапқан ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен.

Ақшалай сыйақы үшін олар өздерінің банк карталарын және жеке мобильді банк шоттарын қаскөйлерге берген.

"Жәбірленушілердің бірі алаяқтық жолмен 20 миллион теңгені жоғалтып алған. Жоғарыда аталған күдіктілердің карточкалары арқылы алаяқтар ақшаға айналдырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ең алдымен жалдамалы алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар қамауға алынды. Алаяқтыққа қатысқаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылғанын атап өткім келеді", – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1055
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2602
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700