Сенбі, 23 Қараша 2024
Денсаулық 645 0 пікір 10 Қыркүйек, 2024 сағат 13:44

Денсаулық министрі: 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр

Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында тамақтан уланған 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«6 қыркүйек күні Маңғыстау облысы аудандарының бірінде мектеп жасындағы балалардың жаппай улануы тіркелді. Бүгінде жалпы 462 бала медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылды. 17 бала ауруханадан шықты. Жансақтау бөлімінде жатқан 2 бала денсаулық жағдайының тұрақталуына байланысты жалпы бөлімшеге шығарылды. 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Оқиға орнында денсаулық сақтау вице-министрі жұмыс істеуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Алматы мен Астанадан арнауыл мамандар тобы Маңғыстау облысына жіберілді.

«Өлім-жітім жоқ. Жағдай тұрақты, балалардың денсаулығы жақсарып келеді», - деді Ақмарал Әлназарова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445