Жексенбі, 6 Қазан 2024
Қоғам 2924 9 пікір 15 Қыркүйек, 2024 сағат 16:40

Журналист пікірі: Қазақ телевизиясы өлім алдында тұр!

Фото: msports.kz

Белгілі спорт комментаторы Ермұханбет Мәулен «Спорт» подкастында қазақ телевизиясының жай-күйі  туралы айтты.

«Осы күнге дейін айтып келе жатырмын, тағы да айтамын. Бір ғана «Шахмат әлемі» деген бағдарламаны 36 миллион теңгеге түсіреді. «Жеке бапкер» деген бағдарламаны 78 миллионға, ал «Түнгі студия» мен «Әйел бақыты» бағдарламаларының млиллиард қаржыға жүріп тұрғанын білмейсіздер. 600 миллион теңгеге түсірілген программалар бар қазақ телевизиясының тарихында.

Кім жасайды ондай программаны, әрине бір бала подвалда отырып алып, 15 мың теңгеге монтажын жасайды. Қазақ телевидениесінің шындығы сол. Телевидение Қазақстанда өлудің алдында ғана тұр, жақында қайтыс болады. Жерлейсіңдер соны», - деді Ермұханбет Мәулен.

Ал сіз не дейсіз?

Abai.kz

9 пікір