Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1306 0 пікір 25 Қыркүйек, 2024 сағат 14:52

Суицидті насихаттаған 157 факті анықталды - министрлік

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жыл басынан бері елімізде суицидті насихаттаған 157 факті анықталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов мәлім етті.

«Биыл 9 айда суицид пен заңсыз контентті насихаттайтын ақпаратты орналастырудың 157 фактісі анықталды. Оның ішінде 20 факті әлеуметтік желілерде жарияланған, сол сияқты 50-ден астам интернет ресурс бұғатталды», — деді Қанат Ысқақов елордада өтіп жатқан Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, вице-министр бүгінде ведомствоның Telegram, Meta, TikTok секілді онлайн-платформалардың өкілдерімен бірлескен белсенді жұмыстың жүріп жатқанын айтты.

«Айта кету керек, аталған платформалар суицид пен заңсыз контенттермен тиімді күресіп жатыр. Бұл олардың жауапкершілігі мен ішкі тәртіпті қатаң сақтайтынын көрсетеді. Өйткені, заңсыз контенттер олардың ішкі саясатына қайшы. Ендігі мақсат теріс мазмұнды контенттерді бұғаттау ғана емес, оның алдын алып, ақпаратты сүзгіден өткізу. Осы орайда модерация қызметі күшейтіледі», — деді Қ. Ысқақов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321