Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 945 0 пікір 30 Қыркүйек, 2024 сағат 19:31

Жетісу облысы: 59 жаңа медициналық нысан іске қосылады

Суреттер: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі / Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақсу, Алакөл, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ аудандардағы және Панфилов шекара маңындағы 15 дәрігерлік амбулаторияны, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пунктті қоса алғанда 59 нысанның құрылысы басталды. 

Жалпы өңірде қабылданған шаралардың арқасында соңғы 2 жылда денсаулық сақтау нысандарын жаңарту деңгейі 50% -дан асты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір ғана шалғай Алакөл ауданында ұлттық жоба аясында 9 заманауи денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды. Бұл Екпінді, Жайпақ, Бескөл ауылдарындағы 3 дәрігерлік амбулатория және Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайың, Қайнар және Ақжар ауылдарындағы 6 фельдшерлік-акушерлік пункт.

Осылайша, Ақжар ауылындағы ФАП-тың дайындық дәрежесі шамамен 40% -ды құрайды.

Мердігер ұйым өкілі Құрбанәлі Омаровтың айтуынша, құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталған.

 - Біздің міндетіміз - нысан салу, іргелес аумақты абаттандыру, қоршау орнату. Сондай-ақ, біз 35 млн. теңгеге жуық сомаға заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға өтінім бердік. Яғни біз нысанды дайын күйде тапсырамыз. Шеттен келген мамандардан басқа 10 жергілікті тұрғын тартылған, барлық қажетті техника бар. Яғни, бізде мерзімінде орындауға барлық мүмкіндік бар, - деп атап өтті Қ.Омаров.

Ақжар ауылында 1500 адам тұрады. Салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт 60 жылдары салынған бейімделген ғимаратта орналасқан ескірген медициналық пункттің орнына салынады.

- Ауылдағы медпункт ескірген және нормалар мен талаптарға сәйкес келмейді, қыста медпункт салқын болады. Сондықтан да ауыл тұрғындары өздерінде заманауи денсаулық сақтау мекемесінің пайда болуына, яғни медициналық қызмет көрсету сапасының артуына өте қуанышты. Шілде айында біздің ауылдық округтің Қоңыр ауылында блокты-модульді медициналық пункт іске қосылғандығын атап өткім келеді. Өткен жылы мұнда мектеп жөнделіп, 150 орындық жаңа мәдениет үйі салынды, Мұның бәрі қуантады, себебі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді, - деп қорытындылады Ақжар ауылдық округінің әкімі Елес Жапарғалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров атап өткендей, жергілікті бюджет есебінен және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында өңірде блокты-модульді медициналық пункттер салынуда.

 - Алакөл ауданына келетін болсақ, өткен жылы Қарлығаш, Байзерек, Ынталы ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер орнатылды. Биылғы жылы осындай нысандар Бибақан, Арқарлы және Қоңыр ауылдарында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Достық, Қабанбай және Ақтүбек ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алынды. Жыл соңына дейін аудандық аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, 200 төсектік стационары бар орталық емхана құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жалпы соңғы 2 жылда Алакөл ауданына инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысына, сондай-ақ жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 32,2 млрд. теңге бөлінді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963