Жұма, 22 Қараша 2024
Білім 584 0 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 18:01

Елдігіміздің негізі — білімді ұрпақ...

Сурет: Досжан Балабекұлы

Сапалы білім-мемлекеттің өркендеуі мен тұрақтылығының басты негізі. Қазіргі жаһандану заманында кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі оның білім беру жүйесінің сапасына байланысты.

Сондықтан, Қазақстан үшін сапалы білім беру елдігіміздің басты кепілі болып табылады. Білімді азаматтар-елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына тікелей ықпал етуші күш. Олар жаңа технологияларды меңгеріп, экономиканың түрлі салаларын дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар, білімді ұрпақ қоғамдағы мәдениет пен әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына да ықпал етеді. Білім алған адам кең ойлап, сыни тұрғыдан пайымдай біледі, қоғамдағы проблемаларды шешуге белсене араласады. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі –«сапалы  білім» екен алға тартқым келеді. Бұл мақсатқа жету үшін білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру қажет.

Қазақ ұлттық университетінің дамуына Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында оқу  әлемдік стандарттарға сай, заман талабына сәйкес оқу бағдарламаларымен жұиыс жасайды.Кафедрада теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға ерекше назар аударады.Оқытушылардың кәсіби дамуына жағдай жасап, олардың біліктілігін арттыру  кафедараның басты міндеті. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі цифрлық технологияларға негізделуі тиіс. Онлайн платформалар мен цифрлық құралдар оқытудың тиімділігін арттыруға білім алушылардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік береді.Жастардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру арқылы білім мен ғылымның тығыз байланысын арттыруға оқытушылар құрамы өз үлесін қосуда.Студенттердің ғылыми жобаларға қатысуы олардың сыни ойлау және мәселені шешу қабілеттерін дамытады.Жаһандану кезеңінде әрбір елдің бәсекеге қабілеттілігі білімді мамандардың көптігімен өлшенеді. Білім сапасы жоғары мемлекеттер инновациялар мен технологиялық жетістіктерді алға тарту арқылы әлемдік аренада өз орнын нығайтады. Қазақстан үшін де сапалы білім беру - елдің дамуының кепілі және халықаралық аренада беделін арттырудың тиімді жолы.Білім — қоғамның рухани байлығы. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы біз еліміздің  ертеңін қамтамасыз етеміз. Жас ұрпақ өз елін сүйіп, оның дамуына үлес қосатын, дүниетанымы кең, жауапты азамат болып қалыптасуы қажет. Бұл үшін мемлекет сапалы білім беру жүйесін құруды мақсат етеді, ал әрбір азамат өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отыруға ұмтылуы керек.

Сапалы білім беру-жарқын болашақтың кепілі. Елдің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Білімді, саналы, шығармашыл ұрпақ ғана Қазақстанның тәуелсіздігі мен елдігінің мәңгілік болуына үлес қоса алады. Сапалы білім – қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырудың негізгі факторы. Сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру арқылы Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылуда.

Усеинова К.Р.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5194