Жұма, 10 Қаңтар 2025
Дидар-ғайып 705 16 пікір 10 Қаңтар, 2025 сағат 11:17

Ұлы жазушы Мұхтар Мағауин дүние салды...

Арман Әлменбеттің Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Қазақтың біртуар ұлы, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин өмірден өтті. Бұл хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин жеткізді.

Едіге Мағауин:

«Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55).

«Мына Мен – айбынды Ғұн, ержүрек Түрік, кемеңгер Шыңғыс хан, Асқақ Алтын Орда, оған жалғас нұр шұғылалы Алаш әулеті – бар ғұмыры жарыққа ұмтылған арпалыс үстінде өткен Мұхтар Мағауин – көзім жұмылған мезетте, бұрнағы Алапат Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, Мәңгілік Аруаққа айналам! Иә!»

Мұхтар Мағауин

«Көлме-көл»

Толық шығармалар жинағы, 26-шы том.


Abai.kz редакциясы марқұмның отбасы, туған-туысына, бала-шағасына қайғырып, көңіл айтамыз.

Мұхтар Мағауин

1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. «Жазушы» баспасының бас редакторы «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы. Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері. «Тарлан» сыйлығының лауреаты.

2006 жылдың желтоқсанында елден біржола кетіп, Чех республикасында қоныстанды. Онан соң 2015 жылы Америкаға түпкілікті қоныс аударды.

Abai.kz

16 пікір