Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2025
Билік 166 1 пікір 15 Қаңтар, 2025 сағат 15:15

Жемқор шенеуніктерге елден шығуға тыйым салу керек!

Сурет: akzhol.kz

Мәжілісмен Азат Перуашев Антикорды жемқор шенеуніктердің елден шығуына тыйым салуға шақырды.

Мәжіліс депутаты жемқор шенеуніктердің шетелге шығуына тыйым салу мәселесін тағы да көтерді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң жобасын талқылау барысында ол ақшаны оффшорларға шығару Қазақстан үшін күрделі мәселе болып қалып отырғанын атап өтті.

Перуашев Қазақстанда қарапайым азаматтар үшін де жол жүруге қатаң шектеулер бар екенін атап өтті.

«Жемқор шенеуніктер ақшаларын оффшорлық аймақтарға алып кетеді, содан кейін оны табу мүмкін емес. Кейде тіпті біздің АФМ, олардың қанша қаражаты бар екенін және олардың қайда орналасқанын білмейді. Бұл жолдастар ұсталып қалуы мүмкін екенін біле тұра, тәуекелге бел буып, жазаларын алып, кейін шартты түрде бостандыққа шығады немесе айыппұлмен құтылып, ешқашан адал жолмен тапай, миллиардтаған ақшасын қалдырады», - деді депутат.

Ол 2017 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің шетелге шығуына заңнамалық тыйым салуды енгізуді ұсынғанын еске салды. Әзірге бұл бастаманы Бас прокуратурадан басқа ешкім қолдаған жоқ. Депутат жаңа заң жобасын қолдауды сұрап «Антикор» өкіліне жүгінді.

«Біз кез келген нормативтік-құқықтық актілерді қарастыруымыз керек және қажет болған жағдайда біз оларды қолдаймыз және жүзеге асырамыз. Бірақ шешім басқа органдармен талқылауды және келісуді қажет етеді», - деді «Антикор» төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжілісмен сауалына.

Перуашев жалпы пайымдау мәселені шешпейтінін баса айтты. Жемқор шенеуніктерге елден шығуға тыйым салынбайынша, олар шартты түрде бостандыққа шығып, миллиардтаған ақшасын жұмсап жүре береді.

Соңында Сарқұлов бұл мәселе белгіленген тәртіпте талқыланады деп сендірді.

Abai.kz

1 пікір