Бішкек орталық алаңнан Ленин ескертішін алмақ...

Бішкекте Лениннің ескерткішін ескі алаңнан алып тастау ұсынылды. Бұл идеяны Қырғыз парламентінің вице-спикері көтерді.
«2020 жылы ескі алаңға Турдакун Усубалиевтің есімі берілді. Бірақ қазір онда Лениннің ескерткіші бар. Ленин ескерткішін Усубалиев ескерткішімен ауыстыруды ұсынамын», - деді вице-спикер.
Бұрын бұл ескерткіш қаланың орталық алаңы – Ала-Тоода орналасқан. Ол ескі алаң деп аталатын алаңға 2003 жылы көшірілді.
Abai.kz