Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025
Жаңалықтар 313 0 пікір 21 Қаңтар, 2025 сағат 19:15

ҚР ІІМ шетелдегі азаматтарға ескерту жасады

Сурет: Qaz365.kz сайтынан алынды.

Шетелде жүрген қазақстандықтар арасында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

– Шетелде білім алып немесе жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың өзара ақпарат алмасып, бір-біріне көмектесетін Telegram және WhatsApp-чаттарында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Қаскөйлер өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынған. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Айласын асырған алаяқтар түскен қаражатты алғаннан кейін хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді екен.

Abai.kz

0 пікір