Жұма, 16 Мамыр 2025
Айқай 419 0 пікір 15 Мамыр, 2025 сағат 14:48

Мырзахметов мерзімінен бұрын басатуды сұрайды

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов.

Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан

"Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап отыр, деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

"Бұл өтініш әлі қаралған жоқ", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Бір апта бұрын Бас прокуратура осы колонияда түсірілген бейнематериалды жариялады. Онда биг-бэг қаптарын шығаратын өндіріс іске қосылғаны көрсетілген.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа өндіріс №46 түзету мекемесінде іске қосылған. Қажет жабдықтар мен жұмыс орындарын кәсіпкерлер қамтамасыз еткен.

"Еңбек арқылы тәрбиелеу саясаты аясында сотталғандардың көпшілігі жұмыспен қамтылып, осылайша түзелуге ниеті барын көрсетіп жүр. Былтыр қыркүйектен бастап біз бір топ сотталушыны ұйымдастырып, инвестор таптық. Соның арқасында 6 ай ішінде 120 жұмыс орнын аштық", - дейді бейнежазбада Абылай Мырзахметов.

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, сотталған экс-төраға бірнеше тігін машинасын өз қаражатына сатып алып, қазір басқа да жұмысқа орналастырылған сотталушылармен бірге қап тігумен айналысады. Минималды жалақыдан бөлек, сыйақы мен бонустар жүйесі де қарастырылған.

Айта кетейік, "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов алаяқтық жасады және кәсіпкерді өзінің туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесу үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген болатын.

2024 жылғы мамырда ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.

Биыл қаңтарда ол жазаның қалған бөлігін бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрады. Алайда бұл өтінішті сот қанағаттандырмады. Сот шешімінде жазасын өтеу кезінде Мырзахметов еңбекке адал қарағаны үшін тек бір ғана мадақтама алғаны көрсетілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2663
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4337