Бейсенбі, 29 Мамыр 2025
Билік 985 0 пікір 26 Мамыр, 2025 сағат 14:41

Ерлан Қарин: Қазақстан азаматтығына қабылдау үшін былтырдан бері мемлекеттік тілді білу керек деген талап енгізілді

Сурет: ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия отырысынан алынды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

Жиналыста Мемлекеттік кеңесші:

«Тура бір жыл бұрын 2024 жылы 16 мамырда Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойған болатын.

Бұл құжатқа сәйкес, азаматтық алу және оны қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тіл, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру қажет.

Мұндай жүйені енгізу мемлекетке, төл тарихымызға және ана тілімізге құрметпен қарауға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

Бұдан бөлек, аталған шаралар үміткерлердің тыңғылықты дайындалып, халықпен етене араласып кетуіне мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2985
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4726