Жұма, 30 Мамыр 2025
Анық-қанығы 964 0 пікір 27 Мамыр, 2025 сағат 17:23

28 жылу және 46 электр желілері жобасы іріктелді

Сурет: UKIMET телеграм арнасынан алынды.

Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба жұмыстары 2025 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді.

Ол жоба 2029 жылға дейін есептелгенін атап өтті.

«Министрлік сумен жабдықтау және су бұру жұмыстарына жауапты, оған шамамен 1 трлн теңге жоспарланып отыр. Егер, жақын уақытта заңнамаға түзетулер енгізілетін болса, екінші жартыжылдықта жұмысты бастайын деп отырмыз. Министрлік ішінде бірыңғай оператор болып «ТКШ Орталық» белгіленді. Қазіргі уақытта жеткізушілерді іріктеу бойынша конкурстық рәсімдер ұйымдастыру ережелері әзірленіп жатыр», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Сурет: UKIMET телеграм арнасынан алынды.

Өз кезегінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тартылатынын және бұл бюджетке әсер етпейтінін айтты.

«Қаржыландыру республикалық және халықаралық институттар тарапынан жүргізілмек. Бүгінде жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 28 жылу жобасы, ал электр желілері бойынша 46-ға жуық жоба таңдалды. Қазір қаржы институттарымен жұмыс істеу сатысындамыз», — деп түсіндірді Сұңғат Есімханов.

Сурет: UKIMET телеграм арнасынан алынды.

Жобаны іске асыру 2029 жылға қарай желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2999
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4742