Бейсенбі, 5 Маусым 2025
Анық-қанығы 1181 0 пікір 2 Маусым, 2025 сағат 18:17

«Ұлттық қор – балаларға»: Ақшаның басым бөлігі қай бағытқа жұмсалды?

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Зейнетақы қоры мамырдың қорытындысын шығарып, балалардың еншісіне бөлінген қаржының есебін ұсынды.

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ «Ұлттық қор – балаларға» аясында 11,5 млн доллар (5,9 млрд теңге) есептеген. Қаражат негізінен тұрғын үй (58%) және білім (42%) салалары бойынша көрсетіліпті.

Нақтырақ айтар болсақ:

Тұрғын үй – 6,7 млн доллар (56,9 мың өтінім):

ТҚЖБ-дағы салымдарды толықтыру – 6,6 млн доллар (55,5 мың өтінім)
Ипотека бойынша алғашқы жарна – 49,9 мың доллар
Тұрғын үй төлемін толық төлеу – 38,6 мың доллар

Білім – 4,8 млн доллар (40,7 мың өтінім)

Қазақстандағы оқу ақысы – 4,2 млн доллар
Білім салымдары – 412 мың доллар
Шетелде білім алу – 115 мың доллар

Сарапшылардың сөзінше, бағдарлама нәтижесінде азаматтар белсенді түрде тұрғын үй жағдайларын жақсартып, білім капиталына қаржы құя бастады. Бұл өз кезегінде жылжымайтын мүлікке деген сұранысты күшейтіп, білім жүйесін нығайтады.

Ұлттық қор қаржысының әділ үлестірілуі жаңа буын азаматтар үшін сенімді қаржылық база қалыптастырады деген үміт бар.

Abai.kz

0 пікір