Жұма, 13 Маусым 2025
Болған оқиға 724 0 пікір 12 Маусым, 2025 сағат 13:57

Ельцин мен Путин әйелдерін аяусыз ұрып, мазақ ететін...

Коллаж: Abai.kz

Мамыр айының аяғында Вьетнамда ұшақтан түсіп бара жатқанда әйелі Брижит Макронды оны көпшілік алдында шапалақпен ұрып жібергеннен кейін, Франция президентінің отбасылық өмірі қоғамда қызу талқыланды.

Содан кейін Елисей сарайының өкілі Франция президенті мен бірінші ханымы бір-бірімен әзілдесіп отырғанын айтты. Осы оқиғаның фонында ГОРДОН отбасылық зорлық-зомбылық пен тирания қалыпты және қарапайым болған президенттік отбасылар туралы бірсыпыра фактілерді айтады.

Михаил Горбачев және Раиса Горбачева

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачевтың әйелі күйеуінің бетінен шапалақпен ұрды. Бұл туралы Ресейдің бірінші президенті Борис Ельциннің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Александр Коржаков 2017 жылы украиналық журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты.

«Мен олармен бірге екі апта ғана жұмыс істедім, осы уақыт ішінде бұндай жағдай бір рет болды. Сондықтан мен оның қаншалықты жиі болғанын білмеймін. Ол кешке тым кеш келді, түн болатын. Жұмыста бірнеше коньяк ішкен сияқты, иіс мүңкіп тұрды. Раиса ханым Михаил Сергеевичтің ішпеуін қатаң қадағалайтын. Бірақ Горбачев Ельцинмен бірге ішкен. Олар жаңа одақтық шартты дайындап жатқанда, тоқтаусыз ішімдік ішті. Бірақ олар норманы білді - шектен шықпады», - деді Коржаков.

Борис Ельцин және Наина Ельцина

Егер Горбачевтар отбасында әйелі күйеуіне қолын көтерген болса, Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин әйелі Наинаны теннис ракеткасымен ұрып, «көзін көгертетін».

«Ельциннің өзі маған бұл туралы, әйелін қалай ұратыны туралы айтқан. Шындығында, бұл жағдайлар Наина үшін жағымсыз сәттер. Менің есімде. Екі апта бойы Нина ханым үйде қара көзілдірік киіп жүрді. Ельцин әйелін жиі ұратын», - деді Коржаков.

Людмила Путина мен Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы әйелі Людмиланы үнемі мазақ етіп, оның дәрменсіздігін бетіне шұып, әйелінің көз жасын көл қылатын. Бұл туралы Гордонға бұрынғы ресейлік банкир және Путиннің бұрынғы досы Сергей Пугачев 2022 жылы берген сұхбатында айтты.

Пугачевтің естелігі:

«Бір жолы Путинмен бірге іштік. Сонда Людмила жылап қалды. Бізге ренжіді. Кейін біз қайтып бара жатып қоштастық. Сонда Людмила жылап тұрды. Мен одан не болғанын сұрадым. Людмила маған: «Ол іше алмайды. Оның қандай садист екенін білмейсің ғой. Ақыры ішті. Енді ол мені шымшып, ұрып, дзюдоның әдістеріне салып, мені мазақ етеді. Мені аямайды. Ал мен бір апта дене-басым көгеріп жүремін», - деп жылады», - деп еске алады Пугачев.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

 

0 пікір