Мәжілісте архив ісі мен контентке қатысты заң жобасы талқыланды
Бүгін Мәжілісте отырыс өтті, онда мәжіліс депутаты Ернұр Бейсенбайев маңызды мәлімдеме жасады. Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Заң жобасы жөнінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Елнұр Бейсенбаев баяндамасын жасады.
Құрметті әріптестер!
Бүгін біз архив ісін дамытуға қатысты заң жобасын екінші оқылымда талқылап отырмыз. Осы уақыт ішінде бұл құжат жан-жақты пысықталып, маңызды жаңа нормалармен толықтырылды. Олар негізінен салада жылдар бойы қордаланған түйткілдерді шешуге, архив ісін заманға сай дамытуға және өскелең ұрпақты ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз контенттерден қорғауға бағытталған.
Сондықтан да заң жобасының мәдени-рухани сала үшін маңызы ерекше деуге болады. Өйткені, архив – ұлттың жады, мемлекет тарихының құжаттық айғағы. Мұрағаттар саласын ұдайы жетілдіріп, дамытып отырудың мәні зор.
Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда тарихи жадымызды сақтау және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында заманауи цифрлық архивтер құру жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Осы ретте, аталған заң жобасы архив жүйесін нығайтуға, цифрлық үдерістерді реттеуге, дербес деректерді қорғауға және тарихи мұраны сақтауға бағытталған.
Заң жобасының негізгі новеллаларына мыналар жатады:
Ұлттық архив қорының құрамын қала құрылысы, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-сметалық құжаттамалар, сызбалар және оларға қосымша мәтіндік жазбалар есебінен кеңейту;
Құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдау және цифрлық архивке өткізу тәртібін реттеу;
Бюджет есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын архивтерге тапсыру;
Ең бастысы, заң жобасына цифрлық архив туралы жаңа бап енгізілді.
Өздеріңізге мәлім, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым міндеттердің бірі – мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің жалақысын арттыру.
Осыған байланысты, заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейтуге бағытталған нормалар көзделген. Енді олар ауылдық жерлердегі архив саласы мамандарының лауазымдарының тізімін анықтай алады. Сол бойынша жалақыға қосымша 25 пайыз ақы төленетін болады.
Сондай-ақ, Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілетін болады. Бұл шешім Парламент пен Үкіметтің елдің тарихи жады мен мәдени мұрасын сақтаудағы архив жүйесінің рөлін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
Енді ұлттық архивтердің қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу кезінде 1,75 еселік үстеме коэффициент қолданылады.
Шамамен келесі жылы Астана мен Алматы қалаларындағы екі архив аталған ұлттық мәртебеге ие болады.
Уважаемые коллеги!
В связи с возрастающей озабоченностью общества вопросами защиты детей и подростков от негативного контента в цифровом пространстве, в законопроект были внесены поправки запрещающие пропаганду педофилии
и нетрадиционной ориентации в публичном пространстве.
Мы видим, что дети и подростки ежедневно сталкиваются в Интернете с информацией, способной негативно повлиять на их представления о семье, нравственности и будущем.
Защита сознания подрастающего поколения от противоправного контента – это вопрос их безопасности и психического здоровья.
Данная тема неоднократно поднималась депутатами Мажилиса Парламента. Мажилисмены Еділ Жанбыршин, Ринат Зайыт, Самат Мусабаев и Ардак Назаров публично озвучивали свои депутатские запросы по запрету пропаганды ЛГБТ.
Также, в прошлом году петиция «Мы против открытой
и скрытой пропаганды ЛГБТ в РК!» собрала необходимые
50 тысяч подписей для официального рассмотрения.
По итогам петиции, Национальный фонд содействия процветанию провел широкое исследование, которое резюмирует, что легитимизация и пропаганда нетрадиционных отношений способны подорвать чувства стабильности и ясности у подрастающего поколения.
Именно поэтому инициативная группа из 18 депутатов предложила поправки, ограничивающие распространение информации, пропагандирующей педофилию
и нетрадиционную ориентацию.
Поправки затрагивают девять ключевых законов, включая законы о правах ребенка, рекламе, связи, культуре, образовании, кинематографии, масс-медиа.
Вводится чёткое определение «пропаганды нетрадиционной ориентации» и ограничение на ее размещение в масс-медиа, на онлайн-платформах
и в телекоммуникационных сетях.
Данные нормы являются консолидированным решением Правительства, экспертного и гражданского сообщества. Кстати, Казахстан не является первопроходцем в данном вопросе. Аналогичные нормы действуют в ряде стран, таких как Венгрия, Болгария, Литва, Польша, Кыргызстан и Россия.
Кроме того, Верховный суд США поддержал позицию Президента Дональда Трампа о запрете трансгендерам указывать в паспорте пол, отличающийся от биологического. Это еще раз доказывает, что даже толерантная Америка не идет против законов матери природы.
Необходимо отметить, что международные стандарты по правам детей содержат аналогичные требования. Статья 17 Конвенции ООН обязывает государства принимать меры по защите ребенка от информации и материалов, наносящих вред его благополучию, в том числе в онлайн-среде.
Важно подчеркнуть: речь не идет о «запретах» или «отмене» людей, принадлежащих к сообществу ЛГБТ. Никто не ограничивает их личные права. Вводимые нормы устанавливают рамки публичного распространения такой информации, что соответствует общепринятой международной практике.
Құрметті әріптестер!
Жоғарыда айтылғандай, заң жобасындағы маңызды нормалардың бірі – өскелең ұрпақты жағымсыз ақпараттардан қорғау, жат ағымдардан сақтау. Өйткені бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі.
Сондықтан олардың санасын улайтын, өміріне теріс әсер ететін зиянды ақпараттардан қорғау – ортақ міндетіміз.
Әрине, цифрлық заманда ақпараттарға толықтай тосқауыл қою мүмкін емес. Дегенмен, заңға қайшы, адамдыққа жат контентті шектеу – орынды іс.
Өйткені әлі бұғанасы қатпаған, ақыл тоқтатпаған жасөспірімдердің түрлі ақпаратты талғаусыз қабылдап, солардың жетегінде кетіп қалуы әбден мүмкін. Ондай оқиғалар аз емес.
Сондықтан ұсынылып отырған заң осының алдын алуды, келеңсіздіктерге жол бермеуді көздейді.
Осының бәрін ескере отырып, сіздерден заң жобасын екінші оқылымда қабылдауды және Сенаттың қарауына жіберуді сұраймын.
Назарларыңызға рақмет.
Abai.kz