Дастан Сәтпаев "Челси" құрамында ойнауы мүмкін
Осы күні қазақстандық шабуылшы "Қайрат" клубында жалға алынған түрде ойнап жүр.
17 жастағы талантты футболшы Дастан Сәтпаев жыл соңында Лиам Росеньор бапкерлік жасайтын командаға қосылуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Британдық BBC Sport сайты Лондондағы "Челси" клубының жаңа ойыншылары туралы мақаласында Қазақстан құрамасының шабуылшысының да есімін атады.
BBC мәліметіне сай, "аристократтар" жас әрі болашағы бар футболшылар тобын да қазірден-ақ өз құрамына қосқан.
– "Челси" келесі маусымға бірнеше ойыншыны жоспарлап қойған, олардың қатарында "Спортинг" клубының шабуылшысы Жеовани Кенда (құны 40 млн фунт), "Страсбург" шабуылшысы Эмануэль Эмегха, "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев және "Коринтианс" сол жақ қорғаушысы Деннер Эванжелиста бар.
Сондай-ақ, клуб жақында "Индепендьенте дель Валье" қорғаушысы Дейнер Ордоньестің трансферін рәсімдеп, ол 2028 жылдың қаңтарында қосылады, – делінген мақалада.
Abai.kz