Сейсенбі, 17 Ақпан 2026
Жаңалықтар 140 0 пікір 17 Ақпан, 2026 сағат 14:39

Қазақстанда жаңа МӨЗ салынбақ...

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

2033 жылға қарай Қазақстанның мұнай өңдеу қуаттылығы жылына 40 млн тоннаға дейін артады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында 2026-2033 жылдарға арналған қуаттылығы жылына 10 миллион тонна жаңа мұнай өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, жобалау, салу және іске қосу, еліміздің өңдеу қуатын жылына 40 миллион тонна мұнайға жеткізу жұмыстары жоспарлануда», - деді Энергетика вице-министрі Қайырбаев Қайырбаев.

Ол 2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын дәйекті түрде кеңейту дизельдік отын тапшылығын жойып, 2033 жылы төртінші мұнай өңдеу зауытын іске қосу авиакеросинге деген сұранысты толық қанағаттандыруды қамтамасыз етіп, К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір