Қазақстан Президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
2026 жылғы 18–19 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтон қаласына жұмыс сапарымен барып, Бейбітшілік кеңесінің алғашқы инаугурациялық отырысына қатысады.
Саммит барысында негізгі назар Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру мәселесіне, сондай-ақ өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты гуманитарлық қолдау тетіктерін қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдарды талқылауға аударылады деп күтілуде.
Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізеді.
Abai.kz