Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілді
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әуежайда оны жүздеген жанкүйері күтіп алды. Сол жерде алтын жүлде иегеріне үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.
Сондай-ақ сертификаттар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға, спортшының жеке бапкері Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасановаға берілді.
Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы спорт түрлерінен шыққан екінші Олимпиада чемпионы атанды.
Abai.kz